Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы ақпаратты жаңарту (түзету) мемлекеттік қызметін жергілікті атқарушы органдар құратын мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар көрсетеді.
Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы ақпаратты жаңарту (түзету) қызметі тегін көрсетіледі.
Деректер базасында ауыл шаруашылығы жануарларының иесі туралы келесі мәліметтер түзетілуге жатады:
- заңды тұлғаның тегiнде, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)/заңды тұлғаның атауындағы әріптерді өзгерту, бос орындарды алып тастау;
- сандарды өзгерту, ЖСН, БСН бос орындарды алып тастау.
Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мынадай мәліметтер дерекқорда түзетілуге жатады:
- ауыл шаруашылығы жануарының жеке саны;
- жынысы;
- түрі;
- ауыл шаруашылығы жануарын кастрациялау туралы мәліметтер;
- туған күні;
- тұқымы
Жеке немесе заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) қызмет берушіге немесе портал арқылы осы Қағидаларға сәйкес нысан бойынша өтінішті, дерекқорды жаңарту үшін негіз болатын ауыл шаруашылығы жануарларына меншік құқығын немесе өзге де мүліктік құқығын растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады.
Көрсетілетін қызметті беруші жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу (қайта тіркеу) туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметін бастау туралы мәліметтерді «Электрондық үкімет» мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады .
Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысы айқындаған ветеринария саласындағы маман өтініш пен құжаттарды тіркейді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, ветеринария саласындағы жауапты маман өтінішті қабылдаудан бас тартады.
Қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау күні мен уақытын көрсете отырып, оның көшірмесіне тіркеу белгісі болып табылады.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының «Жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес келесі жұмыс күні құжаттар қабылданады және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі беріледі.
Ветеринария саласындағы жауапты маман құжаттар тіркелген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде:
- дерекқорда ауыл шаруашылығы жануарларының иесі туралы, жаңартуға (түзетуге) өтініш берілген ауыл шаруашылығы жануарлары туралы қолда бар ақпаратты тексереді және олардың ұсынылған құжаттарға сәйкестігін анықтайды;
- көрсетілетін қызметті алушы деректер базасындағы ақпаратты жаңарту (түзету) үшін ұсынған құжаттарды зерделейді;
- ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді, мысалы: жынысын, түрін, ауыл шаруашылығы жануарын кастрациялау туралы мәліметтерді түзету кезінде ауыл шаруашылығы жануары туралы мәліметтерді тексеру ветеринария саласындағы жергілікті атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелері өкілдерінің қатысуымен жүзеге асырылады. Ауыл шаруашылығы жануары туралы мәліметтерді тексеру бойынша бару нәтижелері нысан бойынша дерекқордағы ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді жаңарту (түзету) актісі жасалады.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болмаған жағдайда, ветеринария саласындағы жауапты маман дерекқордағы ауыл шаруашылығы жануары туралы мәліметтерді жаңартады (түзетеді) және ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді жаңарту (түзету) туралы үзінді түрінде көшірме береді.
Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді жаңарту (түзету) туралы үзінді көшірме электрондық нысанда беріледі, көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ-сымен куәландырылады, көрсетілетін қызметті алушының порталдағы жеке кабинетіне жіберіледі не қолма-қол беріледі.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған жағдайда ветеринария саласындағы жауапты маман көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіруге мүмкіндік беру сот отырысының уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды..
Көрсетілетін қызметті беруші тыңдау нәтижелері бойынша ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді жаңарту (түзету) туралы не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту электрондық нысанда ресімделеді, көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ-сымен куәландырылады, көрсетілетін қызметті алушының порталдағы жеке кабинетіне жіберіледі не қолма-қол беріледі.
Директор Сапиев С.К.
Қараулар: 16