1. Жалпы ережелер
1. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Ақжар ауданының ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады.
2. Кәсіпорын Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы « » ақпандағы № қаулысына сәйкес құрылды.
3. Кәсіпорынның құрылтайшысы мен Кәсіпорынға қатысты коммуналдық меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) болып табылады.
4. Кәсіпорынды басқаруды жүзеге асыратын орган «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – тиісті саланың уәкілетті органы) болып табылады.
5. Кәсіпорынның атауы:
Мемлекеттік тілде: «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Ақжар ауданының ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Орыс тілінде: Государственное коммунальное предприятие на праве хозяйственного ведения «Ветеринарная станция Акжарского района» коммунального государственного учреждения «Управление ветеринарии акимата Северо-Казахстанской области»
6. Кәсіпорынның орналасқан жері:
Қазақстан Республикасы, 150200, Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Талшық ауылы, Газиза Кусаинова көшесі, 18 үй.
2. Кәсіпорынның заңдық мәртебесі
7. Кәсіпорын мемлекеттік тіркелген сәтінен бастап құрылды деп есептеліп, заңды тұлғаның құқықтарына ие болады.
8. Кәсіпорынның заңнамаға сәйкес дербес теңгерімі, банктерде шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және Кәсіпорынның атауы жазылған бланкілері, мөртабаны және мөрі болады.
9. Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес филиалдар мен өкілдіктер құра алады.
10. Кәсіпорынмен жасалатын және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес міндетті түрде мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын азаматтық-құқықтық мәмілелер, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, тіркелген сәтінен бастап жасалған деп саналады.
3. Кәсіпорын қызметінің мәні мен мақсаттары
11. Кәсіпорын қызметінің мәні Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының аумағында ветеринариялық-санитариялық саулықты қамтамасыз ету болып табылады.
12. Кәсіпорын қызметінің негізгі мақсаты – жануарлар ауруларының алдын алу, оларды емдеу, ауыл шаруашылығы жануарларының толық есепке алынуын қамтамасыз ету, жануарлардан алынып өндірілетін өнімнің құнарлылығын және ветеринариялық-санитариялық жағынан қауіпсіздігін қамтамасыз ету, халықты адам мен жануарға ортақ аурулардан қорғау.
13. Кәсіпорын көрсетілген мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
1) жануарлардың аса қауіпті, жұқпалы емес және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шаралар жүргізу;
2) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу;
3) ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер көрсету;
4) жануарлардың аса қауіпті және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық препараттарды тасымалдау (жеткізу), сақтау, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды тасымалдау (жеткізу) бойынша қызметтер көрсету;
5) құрылысын тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдары ұйымдастырған мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), мал сою алаңдарын (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарын) күтіп-ұстау;
6) қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою;
7) ветеринариялық анықтама беру;
8) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізу және одан үзінді көшірме беру;
9) биологиялық материалдың сынамаларын алу және оларды ветеринариялық зертханаға жеткізу;
10) ауру жануарларды санитариялық союға тасымалдау бойынша қызмет көрсету.
14. Кәсіпорын осы Жарғыда бекітілген өз қызметінің мәні мен мақсатына сай келмейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелер жасауға құқылы емес.
15. Кәсіпорынның Қазақстан Республикасының заңдарында немесе құрылтай құжаттарында белгілі бір шек қойылған қызмет мақсаттарына қайшы не басшының жарғылық құзыретін бұза отырып жасаған мәмілесі тиісті саланың уәкілетті органының немесе мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органның) не прокурордың талап арызы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.
16. Басшының Кәсіпорынның жарғылық емес қызметті жүзеге асыруына бағытталған іс-қимылдары еңбек міндеттерін бұзу болып табылып, тәртіптік және материалдық жауаптылық шараларын қолдануға әкеп соқтырады.
4. Кәсіпорынды басқару
17. Жергілікті атқарушы орган:
1) Кәсіпорынды құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешім қабылдайды;
2) Кәсіпорынның жарғысын бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
3) коммуналдық мүлікті Кәсіпорынға бекітіп береді;
4) Кәсіпорынның мүлкін пайдалану туралы, оның ішінде оны кепілге, жалға алуға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлікпен басқаруға беру туралы шешімдер қабылдайды;
5) Кәсіпорынның филиалдар мен өкілдіктер құруына келісім береді;
6) осы Жарғымен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасымен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
18. Кәсіпорынның уәкілетті органының мынадай өкілеттіктері бар:
1) Кәсіпорын бюджетінен қаржыландырылатын қызметінің басым бағыттарын және жұмыстың (көрсетілетін қызметтердің) міндетті көлемін айқындайды;
2) Кәсіпорынның даму жоспарларын және оларды орындау жөніндегі есептерді қарайды, келіседі және бекітеді;
3) Кәсіпорынның даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;
4) Кәсіпорын басшысын (директорын) тағайындау, оны аттестаттау Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен жүзеге асырылады;
5) Кәсіпорын мүлкінің мақсаты бойынша пайдаланылуын және оның сақталуын бақылайды;
6) оның құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шешімдер қабылдайды.
19. Заңды тұлға ретінде Кәсіпорынның басқару органы оның уәкілетті орган тағайындайтын және оған есеп беретін басшысы (директоры) болып табылады.
20. Тиісті саланың уәкілетті органы Қазақстан Республикасының еңбек кодексіне сәйкес еңбек шартын жасау арқылы Кәсіпорынның басшысымен (директорымен) еңбек қатынастарын рәсімдейді.
Еңбек шартында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде белгіленген шарттардан басқа таза табыстың белгіленген бөлігін бюджетке уақтылы аудармағаны үшін Кәсіпорын басшысының (директорының) жауаптылығы айқындалады.
21. Кәсіпорын басшысы (директоры):
- Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі мен мүлкінің сақталуы;
- мемлекеттік кәсіпорынның даму жоспарын іске асырудың нәтижелілігі мен тиімділігі;
- ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуі;
- мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы;
- Кәсіпорында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың ұйымдастырылуы;
- ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы заңнаманың сақталуы;
- Кәсіпорын қызметкерлерінің ветеринария саласындағы заңнаманы және өзге де салалардағы заңнаманы сақтауы үшін жеке жауап береді.
22. Кәсіпорынның басшысы (директоры) дара басшылық қағидаттарында әрекет етеді және Кәсіпорын қызметінің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Жарғыда айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.
23. Кәсіпорын басшысы (директоры):
1) Кәсіпорынның атынан сенімхатсыз әрекет етеді және оның мүдделерін барлық органдарда, азаматтар мен заңды тұлғалар алдында білдіреді;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шектерде Кәсіпорынның мүлкіне иелік етеді;
3) шарттар жасасады және өзге де мәмілелер жасайды;
4) сенімхаттар береді;
5) банк шоттарын ашады;
6) Кәсіпорынның барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
7) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес Кәсіпорынның қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және олармен еңбек шарттарын бұзады, көтермелеу шараларын қолданады және егер Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Жарғыда өзгеше көзделмесе оларды жазаға тартады;
8) белгіленген еңбекақы төлеу қоры шегінде еңбекақы төлеу нысандарын, штат кестесін, лауазымдық айлықақылардың мөлшерін, Кәсіпорын қызметкерлеріне (өзінің орынбасарлары мен бас бухгалтерді қоспағанда) сыйлықақы және өзге де сыйақы беру жүйесін бекітеді;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Жарғыда көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
5. Кәсіпорынның құқықтары мен міндеттері
24. Кәсіпорын өз қызметін жүзеге асыру үшін:
- мүлікпен (ғимарат, үймерет, жабдық және Кәсіпорынның басқа да негізгі қоры) жасалған мәмілелерден алынатын ақшалай қаражатты пайдалануға;
- оған шаруашылық жүргізу құқығында бекітіп берілген, негізгі қорға жатпайтын жылжымалы мүлікке дербес иелік етуге;
- Қазақстан Республикасы аумағында және одан тыс жерде қызметі заңнамамен реттелетін шарттар (келісім-шарттар) жасауға және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен тыйым салынбаған кез келген шаруашылық қызмет түрін жүргізуге;
- Кәсіпорын мемлекеттік тапсырыстан тыс өндіретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағасын өздігінен белгілеуге құқығы бар.
25. Кәсіпорын:
- осы Жарғының шарттарын сақтауға;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз қызметін жүзеге асыруға;
- салық заңнамасына сәйкес салықты және басқа да міндетті төлемдерді бюджетке төлеуге;
- өз қызметі нәтижелерінің жедел бухгалтерлік есебін жүзеге асыруға және статистикалық есептілікті жүргізуге;
- оған бекітіп берілген мүлікті сақтау бойынша шаралар қолдануға;
- коммерциялық және мемлекеттік құпияны сақтауға;
- жалданып жұмыс істейтін азаматтарға әлеуметтік, медициналық және өзге де сақтандыру түрлерін жүзеге асыруға, оларға қолданыстағы Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының талаптарына сәйкес еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге міндетті.
6. Мемлекет тапсырысы
26. Кәсіпорын үшін мемлекет тапсырысын орындау міндетті. Кәсіпорын егер шарттарды жасау мемлекет тапсырысында көзделсе, (жұмысты, көрсетілетін қызметтерді) сатып алушы немесе сатушы ретінде шарттар жасасудан бас тартуға құқығы жоқ.
27. Мемлекет тапсырысы Кәсіпорынға мемлекеттік басқару органы арқылы жеткізіледі.
28. Кәсіпорын мемлекет тапсырысымен қамтылмаған өнімді (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өздігінен өткізеді.
7. Кәсіпорынның мүлкі
29. Кәсіпорынның мүлкі мемлекеттік меншік құқындағы объект болып табылады.
30. Кәсіпорынның мүлкін негізгі қорлар және айналым қаражаты, сондай-ақ Кәсіпорынның дербес теңгерімінде құны көрсетілген құндылықтар құрайды.
31. Кәсіпорынның мүлкі бөлінбейтін болып табылады және салымдар (үлестер, пайлар) бойынша, оның ішінде Кәсіпорын қызметкерлерінің арасында бөлуге болмайды.
32. Кәсіпорынның мүлкі:
1) оған құрылтайшы берген мүліктің;
2) өз қызметінің нәтижесінде сатып алынған мүліктің (ақшалай табысты қоса алғанда);
3) заңнамамен тыйым салынбаған өзге де көздердің есебінен қалыптастырылады.
33. Кәсіпорынның шаруашылық жүргізу құқығында бекітіп берілген, негізгі құралдарға жатқызылатын мүлікті беруге және оған қатысты мәміле жасауға құқығы жоқ.
34. Кәсіпорын мүлкінің құрамына ғимарат, үймерет, жабдық, мүкәммал, көлікті, жер учаскесіне құқықты қоса алғанда, оның қызметіне арналған мүліктің барлық түрі кіреді.
35. Кәсіпорын мүлiкпен жасалған мәмiлелерден алынған ақшаны дербес пайдаланады.
36. Кәсіпорынның қарауында оның жарғылық мақсаттарымен көзделген қызметін қамтамасыз ету үшін оған қажетті не осы қызметтің өнімі болып табылатын мүлік қана болуы мүмкін.
37. Шаруашылық жүргізу құқығын алу және тоқтату, егер осы Жарғыда өзгеше көзделмесе немесе аталған заттық құқықтың мән-жайына қайшы келмесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде меншік құқығын және өзге де заттық құқықтарды алу және тоқтату үшін көзделген талаптарда және тәртіппен жүзеге асырылады.
38. Шаруашылық жүргізудегі мүлікті пайдаланудан алынған нәтиже, өнім мен кіріс, сондай-ақ Кәсіпорын шарттар немесе өзге де негіздер бойынша алған мүлік меншік құқығын алу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Кәсіпорынның шаруашылық жүргізуіне түседі.
39. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен немесе меншік иесінің шешімімен өзгеше белгіленбесе, меншік иесі Кәсіпорынға бекітіп беру туралы шешім қабылдаған мүлікке шаруашылық жүргізу құқығы Кәсіпорында мүлікті өз теңгеріміне бекіткен сәтінде туындайды.
40. Кәсіпорынның негізгі құралдарға жататын мүлікті сатып алу-сату, айырбастау, сыйға тарту шарттары негізінде иеліктен шығаруға құқығы жоқ.
41. Кәсіпорынның мүлкіне шаруашылық жүргізу құқығы меншік құқығын тоқтату үшін Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 249-бабында көзделген тәртіппен және негіздер бойынша, сондай-ақ осы Жарғының 43, 44 -тармақтарында көзделген жағдайларда тоқтатылады.
42. Осы Жарғының 37-тармағында көзделген шаруашылық жүргізу құқығын тоқтатудың жалпы негіздерінен басқа шаруашылық жүргізу құқығы Кәсіпорыннан мүлікті жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша заңды түрде алып қойған жағдайда тоқтатылады.
Заңды түрде алып қою жағдайларына, атап айтқанда, мыналар:
шаруашылық жүргізу құқығындағы Кәсіпорынның жарғылық қызметінің мақсаттарына сай келмейтін мүлікті алып қою;
артық, пайдаланылмайтын не мақсатқа сай пайдаланылмайтын мүлікті алып қою жатады.
43. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, жергілікті атқарушы орган тиісті саланың уәкілетті органының келісімі бойынша Кәсіпорынның атына бекітілген мүлікті алып қоюға не оны өзi құрған басқа заңды тұлғалар арасында қайта бөлуге құқылы.
44. Жергілікті атқарушы орган шаруашылық жүргізу құқығындағы мүлікті алып қою туралы шешімде Кәсіпорынға алып қойылған мүлікті өзге тұлғаға бергенге дейін ұстау және сақталуын қамтамасыз ету мерзімдерін белгілейді.
45. Кәсіпорын оған шаруашылық жүргізу құқығында бекітіп берілген негізгі құралдарға жатпайтын жылжымалы мүлікке дербес иелік етеді.
46. Егер Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі немесе жергілікті атқарушы орган өзгеше белгілемесе, осы Жарғының 45-тармағында көрсетiлген мүлiкпен жасалған мәмiлелерден алынған ақшаны Кәсіпорын дербес пайдаланады.
8. Кәсіпорынның қызметін қаржыландыру
47. Кәсіпорынның қызметі өз табысы және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында айқындалған тәртіппен алынған бюджет қаражаты есебінен даму жоспарына сәйкес қаржыландырылады.
48. Кәсіпорын корпоративтік табыс салығы бойынша декларация тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін он жұмыс күнінен кешіктірмей, таза табыстың бөлігін тиісті бюджетке аударады.
49. Кәсіпорын өндiретін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары Кәсiпорынның оларды өндiруге жұмсаған шығындарын толық өтеуді, оның қызметінің залалсыздығын және өз табысы есебiнен қаржыландырылуын қамтамасыз етуі тиiс.
Бюджеттен қаржыландырылатын мемлекет тапсырысын орындау есебіне өндiрілетін және өткізілетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары тиісті саланың уәкілетті органының талаптары есепке алына отырып белгiленедi.
Мемлекет тапсырысынан асыра өндірілетін және өткізілетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағасын Кәсіпорын өзі белгілейді.
50. Ақылы ветеринариялық қызметтер қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетіледі.
51. Кәсіпорын Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынған, Жарғыда көзделмеген қызметтi жүзеге асырудан алған табыс, сондай-ақ бюджеттен қаржыландыру есебінен құралған, сатылатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) белгіленген бағаларын көтеру нәтижесiнде алған табыстар Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртiппен бюджетке алынып қойылуы тиіс. Мүлікті бухгалтерлік есеп қағидалары бойынша тиісті түрде көрсетпей пайдалану фактілері анықталған жағдайда, ол да алып қоюға жатады.
9. Кәсіпорынның жарғылық капиталы
52. Кәсіпорынның жарғылық капиталы 16180000 теңгені құрайды және жергілікті атқарушы орган Кәсіпорынның мемлекеттік тіркелуі кезіне дейін 100% қалыптастырды.
53. Кәсіпорынның жарғылық капиталы меншік иесінінен жарғылық қызметті жүзеге асыру үшін басқаруға алынған мүліктен қалыптастырылады.
10. Кәсіпорынның есепке алуы мен есептілігі
54. Кәсіпорынның бухгалтерлік есебін жүргізу және қаржылық есептілігін құру Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына және қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес жергілікті атқарушы органның келісімі бойынша Кәсіпорынның басшысы бекітетін есеп саясатына сәйкес жүзеге асырылады.
55. Кәсіпорынның жылдық қаржылық есеп беруі бухгалтерлік теңгерімді, табыстар мен шығындар туралы есепті, ақша қозғалысы туралы есепті, капиталдағы өзгерістер туралы есепті, түсіндірме жазбаны қамтиды.
56. Ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жинақтау, талдау және оларды уәкілетті органға ұсыну.
11. Кәсіпорынның жауапкершілігі
57. Кәсіпорын өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауап береді және мемлекеттің міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
58. Құрылтайшының немесе уәкілетті органның іс-әрекеттерінен туындаған банкротқа ұшырау жағдайларын қоспағанда, мемлекет Кәсіпорынның міндеттемелері бойынша әрекет етпейді. Бұл жағдайларда мемлекет Кәсіпорынның міндеттемелері бойынша кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру үшін соңғының қаражаты жеткіліксіз болған кезде әрекет етеді.
59. Заңнамалық актілерде Кәсіпорынның міндеттемелері бойынша мемлекет жауапкершілігінің өзге де жағдайлары белгіленуі мүмкін.
12. Кәсіпорынның еңбек ұжымымен, тиісті саланың уәкілетті органымен және жергілікті атқарушы органмен өзара қатынасы
60. Кәсіпорынның әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қатынас Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес айқындалады.
61. Жұмыс тәртібін Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен көзделген кепілдіктерді есепке ала отырып, Кәсіпорынның басшысы белгілейді.
62. Кәсіпорын мен тиісті саланың уәкілетті органы, Кәсіпорын мен мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган арасындағы өзара қатынас қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындалады және реттеледі.
13. Кәсiпорын қызметкерлерiне еңбекақы төлеу
63. Кәсіпорынның еңбекақы төлеу қорының мөлшерін жыл сайын тиісті саланың уәкілетті органы белгілейді.
64. Еңбекақы төлеу нысандарын, штат кестесiн, лауазымдық айлықақылар мөлшерiн, сыйлықақы және өзге де сыйақы беру жүйесiн белгiленген еңбек ақы төлеу қорының шегiнде Кәсiпорын дербес айқындайды.
65. Кәсiпорын басшысының (директорының), оның орынбасарларының, бас бухгалтерiнiң лауазымдық айлықақыларының мөлшерін, оларға сыйлықақы және өзге де сыйақы беру жүйесiн тиісті саланың уәкілетті органы белгiлейдi.
14. Кәсіпорынды қайта ұйымдастыру және тарату
66. Кәсіпорынды қайта ұйымдастыру және тарату жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша жүргізіледі.
Кәсіпорын Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен көзделген басқа да негіздер бойынша таратылуы мүмкін.
67. Кәсіпорынды қайта ұйымдастыруды және таратуды жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады.
68. Таратылған Кәсіпорынның кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған мүлкін жергілікті атқарушы орган қайта бөледі.
Таратылған Кәсіпорынның кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған ақшасы, соның ішінде Кәсіпорынның мүлкін сату нәтижесінде алынған қаражат, тиісті бюджеттің табысына есептеледі.
15. Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
69. Кәсіпорынның Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар тиісті саланың уәкілетті органының ұсынымы бойынша жергілікті атқарушы органның қаулысымен енгізіледі.