"СҚО әкімдігінің ветеринария басқармасы" КММ "Ақжар ауданының ветеринариялық станциясы" ШЖҚ МКК жануарлар мен құстарды жоспарлы күзгі ветеринариялық өңдеуге кірісті.
Жануарларды жыл сайын бруцеллезге, туберкулезге зерттеу, сондай-ақ сібір жарасына, құтыруға, нодулярлық дерматитке, құстарды тұмауға және басқа да ауруларға қарсы вакцинациялау оларды күтіп-бағу және өсіру кезінде міндетті шарт болып табылады. Эпизоотиялық әл-ауқат, демек, жануарлардан алынатын өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігі уақтылы ветеринариялық өңдеуге байланысты.
Ақжар ауданының барлық азаматтарын ветеринариялық өңдеу үшін жануарлар мен құстарды қамтамасыз етуге шақырамыз. Аталған іс-шаралар тегін негізде өткізіледі. Жануарлар мен құстарды өңдеу шарттары мен мерзімдері туралы сұрақтарыңыз бойынша Сіздің елді мекендеріңізге бекітілген ветеринариялық мамандарға жүгінулеріңізді ұсынамыз.
"ҚР Ветеринария туралы" Заңның 25-бабын бұзғаны үшін иелеріне малдарды немесе құстарды ветеринарлық өңдеу үшін беруден бас тартқаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Қараулар: 57