Ветеринариялық шаралар эпизоотиялық қауіпсіздіктің кепілі

Эпизоотиялық қауіпсіздік – тұрғындарды қауіпсіз мал өнімдерімен қаматамасыз етудің басты факторы. Және де тұрғындардың дастарханында өз шаруашылығымыздан алынған қауіпсіз ет, сүт және де басқа өнімдердің болуының кепілі.

Эпизоотиялық қауіпсіздік деген не? Егер қораңыздағы малыңыздың денсаулығы мықты, еш бір жұқпалы аурумен ауырмаса және мал иесі одан алынған өнімдердің адам ағзасына қауіпсіз екеніне күмансіз болса, міне эпизоотиялық қауіпсіздік деген осы.

Эпизоотиялық қауіпсіздіктің басты кепілі болып ветеринариялық алдын алу шаралары болып табылады. Аудандық ветеринариялық станция ШЖҚ МКМ-сі мемлекеттік тапсырыс бойынша бруцеллез және көксау ауруларына диагностикалық тексерулер өткізіледі. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы малдарының барлық түрлеріне қатерлі және өте жұқпалы сібір жарасына қарсы екпе шаралары жүргізіледі. Және қара сан ауруына ірі қар мал, сақауға жылқы малы егіледі.

Үш жыл бұрын біздің облыс аумағында да біз үшін жаңа ауру болып табылатын, нодулярлы дерматит ауруының ошақтары тіркелді. Осыған байланысты Ауыл шаруашылығы министрлігі осы ауруға қарсы екпе жұмыстарын жүргізу туралы шешім қабылдаған болатын. Соның нәтижесінде, жүргізіліп жатқан екпе жұмыстарының арқасында ірі қара малдың нодулярлық дерматит ауруы бойынша эпизоотиялық қауіпсіздік қамтамасыз етілді.

Соңғы жылдары жыл құстарының ұшу уақытында аудан аумағына құс тымауының ену қауіпі пайда болды. Екі жыл бұрын ауданымызда осы ауру ошағының болуы оны үдете түсті. Сондықтан, құс тымауының пайда болуының алдын алу мақсатында, ветеринариялық станция ақжар ауданның барлық құс түрлеріне жыл сайын екпе жұмыстарын жүргізеді.

Жеке меншік және басқа да шаруашылықтарда эпизоотиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ветеринариялық щаралар жүргізумен қатар аудан аумағынан тыс аймақтардан мал енгізуге ұдайы бақылау жүргізіп тұру керек. ҚР «Ветеринария туралы» заңының 25 бабына сәйкес, ауданға енгізген мал немесе құс туралы, иелері ауданның ветеринариялық қызметіне хабарлауға міндетті.

Сонымен қатар, жоғарыдағы айтылған шаралармен қоса алдын алу дезинфекциялық жұмыстар жүргізілмесе, эпизоотиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары толық жүргізілген болып табылмайды.Себебі, көктемде мал өріске шықан соң, және күзде малды қоралау алдында,жылына екі қайтара дезинфекция жүргізу арқылы мал қорларын қауіпті микрофлорадан арылтуға қол жеткіземіз.

Қортындылай келе, барлық мал және құс иелерін меншік түріне қарамай, өздеріңнің шаруашылықтарын ғана емес бүткіл аудан аумағында эпизоотиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында барлық айтылған шараларды сақтауға шақырамын. 

Директор Сапиев С.К.

03.03.2025
Қараулар: 25