Мал шаруашылығы үй-жайларын дезинфекциялау жануарлардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, сондай-ақ инфекциялар мен аурулардың таралуын болдырмауда маңызды және ажырамас кезең болып табылады. Үй-жайларды дезинфекциялау беттерде, жабдықтарда және дүңгіршектерде, торларда, қоршауларда және басқа да мал шаруашылығы объектілерінде болуы мүмкін бактериялар, вирустар, саңырауқұлақтар және басқа да патогендер сияқты микроорганизмдерді жою немесе инактивациялау үшін қажет. Дезинфекция процесі максималды тиімділікке жету үшін мамандардың ұсыныстарын ескере отырып, үнемі және дұрыс жүргізілуі керек. Мақсаттар мен талаптарға байланысты мал шаруашылығында қолдануға болатын әртүрлі дезинфекциялық әдістер мен құралдар бар. Дезинфекция профилактикалық мақсатта, сондай-ақ жануарлар ауруларының ошақтары пайда болған жағдайларда мәжбүрлі дезинфекциялау жүргізіледі. Мәжбүрлі дезинфекция кезінде ағымдағы және қорытынды дезинфекция жүргізіледі. Профилактикалық дезинфекция жануарлар ауруларының қоздырғыштарын әкелу және тарату қаупін болдырмау мақсатында жануарлардың жұқпалы аурулары бойынша қолайлы аймақта орналасқан өндіріс объектілерінде жүргізіледі. Жануарларды ұстауға арналған үй-жайларды қоса алғанда, қолайлы аймақта орналасқан өндіріс объектілерінде жылына екі рет профилактикалық дезинфекция жүргізіледі. Жиынтық алаңды айқындау кезінде мал шаруашылығы үй-жайлары жабдықтарының барлық элементтерінің немесе дезинфекциялық ерітінділермен ылғалдандыруға жататын басқа да объектілердің еденінің, қабырғаларының, төбелерінің, қалқаларының, сыртқы және ішкі беттерінің ауданы ескеріледі. Дезинфекция жүргізер алдында мал ұсталған үй-жайларды, сондай-ақ дезинфекциялауға жататын беттерді мұқият механикалық тазалау жүргізіледі. Мәжбүрлеп дезинфекциялау (ағымдағы және қорытынды) инфекцияның бастапқы ошағын оқшаулау, сыртқы ортада патогендік микроорганизмдердің жиналуын және олардың өндіріс объектісі ішінде және одан тыс жерлерде таралуын болдырмау мақсатында жануарлардың жұқпалы аурулары бойынша қолайсыз өндіріс объектілерінде жүзеге асырылады. Ағымдағы дезинфекция сыртқы орта объектілерінің патогендік микроорганизмдермен ластану деңгейін төмендету және өндіріс объектісінің ішінде жануарларды қайта жұқтыру және аурудың одан тысқары жерлерге таралу қаупін азайту мақсатында өндіріс объектілерін сауықтырудың барлық уақыты ішінде кезең-кезеңімен жүргізіледі. Ағымдағы дезинфекцияны жүргізу кезеңділігі және зарарсыздандыруға жататын объектілердің тізбесі аурудың сипатын, осы ауру бойынша эпизоотиялық жағдайды, өндіріс технологиясының ерекшелігін, табиғи-климаттық жағдайларды және қолайсыз пункттің немесе оның орналасқан аймағының басқа да ерекшеліктерін ескере отырып айқындалады. Қорытынды дезинфекция Ауру жануарларды бөлуді тоқтатқаннан және жұқпалы ауру қоздырғышының көзін жоюға кепілдік беретін іс-шараларды жүзеге асырғаннан кейін өндіріс объектісінде жүргізіледі. Үй-жайларды, жабдықтарды, мүкәммалды және өзге де объектілерді беттерді толық суланғанға дейін біркелкі суару жолымен химиялық дезинфекциялау құралдарының ерітінділерімен өңдейді. Дезинфекциялық ерітінділерді қолданғаннан кейін объект үш сағатқа жабылады, мүмкіндігінше экспозиция алтыдан он екі сағатқа дейін артады. Дезинфекция аяқталғаннан кейін зат препараттың иісі толығымен жойылғанша желдетіледі. Дезинфекция сапасын анықтау мақсатында ветеринариялық зертханада зерттеу жүргізу үшін өңделген бетінен шайындылар алынады. Мұндай зертханалық зерттеулердің нәтижелері қосымша дезинфекция жүргізуге негіз болып табылады Мал шаруашылығы үй-жайларын дезинфекциялау жануарлардың денсаулығы мен әл-ауқатын сақтауда, инфекциялардың таралуын болдырмауда және өндіріс процестерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Дезинфекциялау әдістері мен құралдарын таңдау нақты жағдайлар мен қажеттіліктерге негізделуі керек, ал процестің өзі белгіленген стандарттар мен ұсыныстарға сәйкес үнемі және дұрыс орындалуы керек.
Директор Сапиев С.К.
Қараулар: 38