Құрметті Ақжар ауданының тұрғындары! Ақжар ауданының аумағында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды ветеринариялық станцияның қызметкерлері аулау кестесіне сәйкес, сондай-ақ тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органдарының өтінімдері бойынша, қаңғыбас иттер мен мысықтар жаппай жиналған жағдайда жеке және заңды тұлғалардың жазбаша немесе ауызша өтініштері бойынша жүзеге асыратынын хабарлаймыз. Осы іс-шаралар Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының 2015 жылғы 19 наурыздағы № 33/5 шешімімен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысының елді мекендерінің аумағында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидалары негізінде жүргізіледі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 24 сәуірде № 3232 болып тіркелді

Қараулар: 85