Жануарлар мен жауапты қарым-қатынасты реттеу және бақылау мақсатында 2022 жылғы 2 наурыздан бастап "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы"ҚР Заңы енгізілді. Осы Заңның 21-бабының 1-тармағы үй жануарларын қарау және ұстау кезінде келесі талаптарды қоятынын еске салғым келеді:
Жануардың иесі немесе жауапты адам:
1) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалардың, ветеринариялық және гигиеналық нормативтердің талаптарын сақтауға;
2) үй жануарларын есепке алу қағидаларына сәйкес үйжануарларын есепке алуды жүргізуге;
3) басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін бұзбай, үй жануарларына жауапкершілікпен қарауды жүзеге асыруға;
4) адамның және (немесе) жануардың өмірі мен саулығына, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың мүлкіне үйжануарының зиянкелтіруін болғызбау үшін қажетті қауіпсіздік шараларын қабылдауға;
5) үй жануарына Қазақстан Республикасының ветеринария туралы заңнамасына сәйкес ветеринариялық көмектің уақтылы көрсетілуін және профилактикалық ветеринариялық іс-шаралардың, оның ішінде вакциналаудың уақтылы жүргізілуін қамтамасыз етуге;
6) жергілікті атқарушы органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелеріне, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарға, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органдарына үй жануарларының аса қауіпті және жұқпалы ауруларына ұшырау күдігі туралы, сондай-ақ үй жануарының аса қауіпті және жұқпалы аурулардың салдарынан өлгені туралы дереу хабарлауға;
7) стерилизациялау арқылы үй жануарларының қалаусыз ұрпағын болғызбау бойынша шаралар қабылдауға;
денсаулық сақтау ұйымына және жергілікті атқарушы органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелеріне, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарға, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органдарына жануарының жеке тұлғаларға немесе жануарларға дене жарақаттарын салған жағдайлары туралы дереу хабарлауға және аса қауіпті және жұқпалы аурулардың ықтимал болуын анықтау мақсатында қарап-тексеру және қажетті клиникалық және (немесе) зертханалық-диагностикалық зерттеулер не ветеринариялық байқаулар жүргізу үшін өзінің жануарын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымға, ветеринария саласында емдеу-профилактикалық кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлғаларға жеткізуге;
9) үй жануарларының тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды, оның ішінде кондоминиум объектілерін, қоғамдық орындарды ластауына, сондай-ақ үйжануарларының қоршаған ортаға зиян келтіруіне жол бермеуге;
10) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында көзделген өзге де талаптарды сақтауға міндетті.
Қожайындары тамақсыз, баспанасыз тағдыр тәлкегіне көшеде қалдырылған ит-мысықтар адасып, өзгелерге ғана емес, өзіне де қауіп төндіреді. Жабайы түлкі, қарсақтар ауылға жиі кіреді. Әсіресе қаңғыбас немесе бақылаусыз жүретін иттер олармен байланыста болады. Мұндай байланыс кезінде жануар құтыру ауруын жұқтыруы мүмкін, бұл тек осы жануарлардың ғана емес (бұл ауру әрқашан өлім мен аяқталады), сонымен қатар олардың айналасындағылардың (адамдар мен жануарлар) өміріне қауіп төндіреді. Сондықтан, жануарлардың өліміне әкелетін өз үй жануарына мұндай жауапсыздықты жануарға жасалған қатыгездік деп санаймын.
Сондықтан, құрметті аудан тұрғындары, Қазақстан Республикасының «Жануарларға жауапкершілік пен қарау туралы» Заңының талаптарын және елді мекендерде иттер мен мысықтарды ұстау ережелерін сақтауларыңызды сұраймыз.
Директор Сапиев С. К.
Қараулар: 32