Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңына сәйкес 25-бап. Жеке және заңды тұлғалардың жануарлар ауруларының, оның ішінде жануарлар мен адамдарға ортақ аурулардың алдын алу жөніндегі міндеттері:
Жеке және заңды тұлғалар міндетті:
- Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген ветеринариялық ережелерді сақтай отырып, жануарлар ауруларының профилактикасын және қозғалатын объектілердің сақталуын қамтамасыз ететін ветеринариялық және әкімшілік қызметті жүзеге асыруға;
- жануарларды, оның iшiнде хайуанаттар бақтарында, цирктерде, омарталарда, аквариумдарда жануарларды ветеринариялық ережелер мен ветеринариялық нормативтерге сәйкес күтуге, өсiруге және пайдалануға;
- аумақты, мал шаруашылығы үй-жайларын, сондай-ақ жемшөпті, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты сақтауға және өңдеуге арналған объектілерді ветеринариялық ережелерге және ветеринариялық нормативтерге сәйкес күтіп ұстауға, қоршаған ортаның ластануына жол бермеуге;
- күтіп-ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеуге және өткізуге байланысты объектілерді орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ орны ауыстырылатын объектілерді тасымалдау кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық талаптарды сақтауға;
- ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді қамтамасыз етеді;
- жергiлiктi атқарушы органдардың ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыратын бөлiмшелерiне, мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдарға: жаңадан алынған мал, одан шыққан төл, оның сою және өткiзiлуi туралы хабарлауға; ветеринария саласындағы мамандар, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар келгенге дейін ауруға күдік туғанда, жануарларды оқшаулау бойынша шаралар қабылдау;
- ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін өз жануарларын уақтылы вакцинациялауды және диагностикалауды қамтамасыз етуге;
- ветеринария мамандарына орын ауыстырылатын объектiге ветеринариялық сараптама жүргiзу үшiн жануарды еркiн беруге;
- инспекторлардың актілерін орындауға;
- малды өлгенге дейінгі ветеринариялық тексерусіз және өлекселер мен ағзаларды өлгеннен кейінгі ветеринариялық-санитариялық сараптаусыз сату үшін союға жол бермеу.;
- ветеринария саласындағы мамандарға жануарлардың аса қауiптi ауруларына қарсы ветеринариялық профилактикалық iс-шараларды жүргiзу кезiнде олардың қызметтiк мiндеттерiн орындауға жәрдемдесуге;
Осы Қағидаларды бұзғаны үшін ауыл шаруашылығы жануарларының иелері 2014 жылғы 5 шілдедегі » Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 406, 407-баптарына сәйкес жауапкершілікке тартылады.
25.10.2023
Қараулар: 30
Қараулар: 30