"Ақжар ауданының ветеринариялық станциясы" ШЖҚ МКК ветеринариялық мамандармен аса қауіпті ауруларға қарсы көктемгі ветеринариялық-профилактикалық іс-шараларды (вакцинациялау, бруцеллезге зерттеу үшін жануарлардан қан алу, Ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру, құлақ сырғаларын ауыстыру) жүргізуді жалғастыратындығын хабарлайды.
Құрметті Ақжар ауданының тұрғындары сізден көктемгі іс-шараларды өткізу кезінде көмек көрсетуіңізді және "Ветеринария туралы"ҚР Заңының 25-бабына сәйкес өз ауылдық округінің ветеринариялық дәрігеріне жануарлар мен құстардың бары, сатып алатыны және орны ауыстырылатыны туралы уақтылы хабарлауыңызды сұраймыз.
06.04.2022
Қараулар: 51
Қараулар: 51